Тергеу изоляторында отырған 5000-нан астам азамат сайлауда дауыс бере алады

20 Қараша 2022, 08:31
606
Бөлісу:
Тергеу изоляторында отырған 5000-нан астам азамат сайлауда дауыс бере алады

Тергеу изоляторларында сайлау учаскелері ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының тергеу изоляторлары дауыстарды қабылдау жұмысына кірісті. 

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” ҚР Заңына сәйкес үкімі заңды күшіне енбеген тергеу изоляторларында ұсталатын ҚР-ның кәмелет жасына толған азаматтарының жалпыға бірдей белсенді сайлауға қатысу құқығы бар. 

5000-нан астам тергеу-қамауындағы адамдардың кезектен тыс президенттік сайлауға дауыс беруге қатысу мүмкіндігі бар. Елімізде барлығы 16 жабық сайлау учаскесі ұйымдастырылған, олардың әрқайсысы мекеме орналасқан жердегі сайлау округіне кіреді.

Өзгелердің жаңалығы