Тергеу изоляторында отырған әйел босанды

21 Тамыз 2020, 14:40
1724
Бөлісу:
Тергеу изоляторында отырған әйел босанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында ЗК-169/1 тергеу изоляторында отырған азаматша үшінші перзентін дүниеге алып келді, деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД.

Ол  алаяқтығы үшін 3 жыл 6 айға сотталған. Бүгін ана мен бала орталығында босанып, үшінші перзентін дүниеге алып келді. Азаматшаға ЗК-169/1 мекемесінің әкімшілігі алғашқы кезектегі қажетті заттар және тиісті азық-түлігімен қамтамасыз етті, - делінген хабарламада.
Қазір ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты. Мекеме әкімшілігі сәбидін құжатын рәсімдеу жұмыстарымен айналысуда.
Өзгелердің жаңалығы