Теннистен Халықаралық турнир өтеді

20 Ақпан 2023, 14:00
786
Бөлісу:
Теннистен Халықаралық турнир өтеді
Фото: Егемен Қазақстан

Астанадағы Ұлттық теннис орталығында  27 ақпан – 12 наурыз аралығында ITF World Tennis Tour сериясында әйелдер арасында «BeeTV 40 Women's» және «BeeTV 60 Women's» жарыстары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

100 мың АҚШ долларын құрайтын  екі турнирге  әлемдік рейтингте ТОП-300-ге кіретін теннисшілер қатысады. 
Олардың арасында жапониялық Моюка Учиджима (120 WTA), жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирлерінің тоғыз дүркін жеңімпазы, франциялық Кристина Младенович (150 WTA), ресейлік Анастасия Захарова (166 WTA), румыниялық Ирина-Мария Бара (197 WTA), сербиялық Наталья Стефанович (221 WTA) және басқалар бар.

Додада еліміздің  намысын Анна Данилина, Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова, Аружан Сағындықова, Дана Байдәулет, Жанель Рүстемова сынды теннисшілер қорғайды.

Әсел Әбілбек

Өзгелердің жаңалығы