Теңізшевройл теңіз кен орнындағы қалдықтар мәселесін шешуге мүдделі

20 Қыркүйек 2022, 17:50
2100
Бөлісу:
Теңізшевройл теңіз кен орнындағы қалдықтар мәселесін шешуге мүдделі
PHOTO

Бүгін Теңізшевройл (ТШО) Атырау қаласында қалдықтарды реттеу бойынша форум ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жиынның мақсаты – Отандық компаниялар арасында қалдықтармен жұмыс істеу бойынша тәжірибемен алмасып, соңғы жетістіктерімен бөлісу. Сонымен қатар, қалдықтарды кәдеге жарату әдістері бойынша халықаралық мысалдарды қарастыру.

Іс-шараға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің (ЭГТРМ),  ЭГТРМ Атырау облысы бойынша Экология департаментінің және Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Green economy, «Еуропа-Азиялық қауымдастығы» ЗТБ, KazWaste қазақстандық қалдықтарды басқару қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жарату бойынша қызметтерді көрсететін мамандандырылған кәсіпорындардың меншік иелері мен басшылары, шетелдік компаниялар өкілдері қатысты.

Теңізшевройл теңіз кен орнындағы қалдықтар мәселесін шешуге мүдделі

Форум барысында ЭГТРМ мамандары өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу саласында қызмет көрсететін кәсіпорындарға қатысты қолданылатын экологиялық заңнаманың талаптары туралы егжей-тегжей ақпарат берді. Ал ТШО өз кезегінде компанияның әлеуетті бизнес-серіктестерге қоятынішкі талаптарытуралы айтты.

Атырау облысы экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов форум қонақтарын қауіпсіздікке баса назар аударуға және қолжетімді озық технологияларды белсенді енгізуге шақырды.

Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен өңдеуші компаниялар туралы ақпарат алдық, сонымен қатар қазақстандық компаниялардың мүмкіндіктерін зерттеуді жоспарлап отырмыз. Қажет болса, заң талабы бойынша тексеру жүргіземіз. ТШО қазірдің өзінде қалдықтарды өңдеумен айналысады, бірақ мұнымен тоқтап қалмай, үздік технологияларды енгізудікөздеп отыр. Осы тұрғыдан алғанда бұл форумның пайдасы зор, - деді департамент жетекшісі.

Теңізшевройл теңіз кен орнындағы қалдықтар мәселесін шешуге мүдделі

Қалдықтарды басқару – Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың маңызды құрамдас бөлігі. Өздеріңіз білетіндей, «Теңізшевройл» ЖШС экологиялық көрсеткіштерді үнемі жақсартып отыруға ұмтылады. Сіздер бізді әрдайым бақылап, басты құндылықтарымызбен санасып, қашан да пікірлесіп тұрасыздар. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе. Бірлескен әрекет нәтижесінде ғана біз жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз ете отырып, экономикалық белсенділікті арттырып, жоғары сапа стандарттарын енгізіп, қалдықтарды барынша өңдеуге және қайта пайдалануға жете аламыз. Мұның бәрі Қазақстан экономикасында осы сала бойынша сенімді тәжірибе қалдыруға мүмкіндік береді, - деді ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов.

Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 км жерде орналасқан Теңіз кен орнында Қазақстанның әр өңірінен жиналған мыңдаған жұмысшы тұратын жүзге жуық вахталық қалашықтар мен өндірістік кешен бар. Компанияның өндірістік қызметінің және ілеспе инфрақұрылымның нәтижесінде әртүрлі қалдықтардың 63 түрі жиналады және олардың 35-тен астамын компания дербес немесе басқа ұйымдарға тарта отырып, табысты қайта өңдеуге жол береді. 2015 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде басқа ұйымдарға қалдықтарды қайта өңдеуге беру көлемі 700 000 тоннадан асты. 

Теңізшевройл теңіз кен орнындағы қалдықтар мәселесін шешуге мүдделі

Мәселен, 2016-2022 жылдар аралығында 2 259 тонна пластик бөтелкелер қайта өңдеуге жіберілді. Оның ішінде пластик және ПЭТ түйіршіктері бар басқа да тауарлар шығарылды. 5 861 тонна қағаз бен картон буып-түю материалдары, басқа да тауарлар өндіріске жіберілді. Ал 99 542 тонна бетон қалдықтары құрылыс материалы ретінде пайдаланылды. 

Теңізшевройл теңіз кен орнындағы қалдықтар мәселесін шешуге мүдделі

Барлық өндірістік алаң, вахталық кенттер мен ТШО-ның басқа да нысандарында қалдықтарды санаттар бойынша бөлуге арналған түрлі-түсті таңбасы бар арнайы контейнерлер орнатылған: пластик бөтелкелер, картон, кеңсе қағазы, шыны, кондициялық емес металл және басқаларын сұрыптауға мүмкіндік бар. 2017 жылмен 2019 жылды салыстырғанда пластик бөтелкелерді сұрыптау 11 есе, картонды қайта өңдеу 8 есе өсті.

Теңіз кен орнындағы барлық шығарылған қалдық өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару жөніндегі компанияның «хабы» – «Тенгиз Эко Центр» нысанына тасымалданады. Ауданы 100 га қалдықтарды қауіпсіз қабылдайтын, тарататын, уақытша сақтайтын және кәдеге жарататын заманауи көпфункционалды нысан 2004 жылы пайдалануға берілді. 

Қайта өңдеу көлемдерін одан әрі ұлғайту мақсатында ТШО өнім берушілер нарығына үнемі мониторинг жүргізеді және саладағы қолжетімді әдістерді зерделейді. Компанияның бұл қадамдары ҚР Үкіметі белгілеген жасыл қағидаттарды қолдауға, сол арқылы ҚР нормативтік талаптары мен халықаралық стандарттардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, қалдықтарды басқаруда одан да маңызды көрсеткіштерге қол жеткізуге, елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді. ТШО үшін бұл форумға қатысушылардың біліктілігі мен құзыреттілікке ие болуы аса маңызды. 

Өзгелердің жаңалығы