"Теңізшевройл" экологияны ластағаны үшін мемлекетке 53,7 млн теңге төлейді

Қоршаған ортаға тасталатын ластаушы заттар нормативі шамадан тыс асып кеткен.

 Атырау облысы бойынша экология департаменті Бүгiн 2026, 17:24
Бүгiн 2026, 17:24
151
Фото: Атырау облысы бойынша экология департаменті

Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамандары «Теңізшевройл» ЖШС-ға қатысты кезекті тексеріс жүргізіп, қоршаған ортаға тасталатын ластаушы заттар нормативінің асып кеткенін анықтады.

Атырау облысы бойынша экология департаменті келіп түскен құжаттар негізінде «Теңізшевройл» ЖШС тарапынан ластаушы заттардың шығарындыларын нормативтен асыру деректері орын алғандығын анықтады. Осыған орай, Департаментпен «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, қарау үшін Жылыой аудандық сотына жолданды. Істерді қарау қорытындысымен соттың 2026 жылғы 20 сәуірдегі қаулысымен «Теңізшевройл» ЖШС кінәлі деп танылып, 53, 7 млн. теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды, - деп хабарлады Атырау облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн теңге айыппұл салынды

Тағы оқи отырыңыздар:

Газ, індет әлде экология: Каспийдегі итбалықтардың қырылуына не себеп?

Арал теңізін қалпына келтіру қалай жүріп жатыр? – сарапшылар талқылады

Таза Қазақстан: Telegram-бот көмегімен 24 мыңнан астам мәселе шешімін тапты

 

 

Наверх