"Теңізшевройл" 2033 жылдан кейін де Қазақстанда қалмақ

Энергетика министрлігі инвесторлардың келісімдерді ұзартуға мүдделі екенін мәлімдеді.

 Теңізшевройл Бүгiн 2026, 19:29
Бүгiн 2026, 19:29
186
Фото: Теңізшевройл

Қазақстанның мұнай-газ секторындағы ірі шетелдік инвесторлар қолданыстағы келісімдер мерзімі аяқталғаннан кейін де елдегі жұмысын жалғастыруға ниетті. Бұл туралы Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов BAQ.KZ-тің YouTube арнасындағы Trend Talk подкастында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Теңіз жобасының серіктестері келісімшарттарды ұзартуға мүдделі.

Қазіргі таңда "Шеврон" компаниясы және Теңіз жобасының серіктестері Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты жалғастырып, 2033 жылдан кейін де келісімшарт жасасуға ниет білдіруде. Бұл – Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасып отырғанының нақты дәлелі, - деді Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Ол инвесторлар жыл сайын дивидендтерді кедергісіз алып, салынған қаражаттарын қайтаруға мүмкіндік бар екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде нарыққа деген сенімді арттырады.

Айта кетейік, Теңіз кен орны бойынша қолданыстағы келісімшарттың мерзімі 2033 жылы аяқталады. Қазіргі уақытта оны ұзарту бойынша келіссөздер басталып кетті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Теңіздегі газ кешенінің құрылысы тоқтады деген ақпарат тарады. Алайда министр бұл мәліметті жоққа шығарды.

Наверх