Теңіз кенішіне жұмысшылар жалған ПТР анықтамамен барған

9 Желтоқсан 2020, 00:48
1820
Бөлісу:
Теңіз кенішіне жұмысшылар жалған ПТР анықтамамен барған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Атырау облысындағы Теңіз кенішіне мердігер компаниялардың жұмысшылары жалған ПТР тест анықтамасымен келген.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифингте «Теңізшевройл» компаниясының Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев мәлімдеді.
Мердігер мекемелердің кейбір қызметкерлері санитарлық бекеттерден жалған ПТР-тест анықтамаларды көрсету арқылы өткен фактілер анықталды. Осындай қызметкерлерге берілген рұқсаттар дереу жойылды. Өрескел фактілер туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Ресми тергеу жүргізіледі деп күтілуде, - деді Рзабек Артығалиев.

Өзгелердің жаңалығы