Теңгелік депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме ұлғаяды

25 Ақпан 2022, 13:22
1198
Бөлісу:
Теңгелік депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме ұлғаяды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі ұлғайған соң, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, қор) артынша қысқа мерзімді депозиттер бойынша 2022 жылдың ақпан және наурыз айларына ұсынылатын максималды мөлшерлемелерді арттырды.

Одан басқа, теңгелік ұзақ мерзімді салымдардың тартымдылығын қолдау мақсатында 12 айлық мерзімді депозиттер бойынша 2022 жылдың ақпан және наурыз айларына ұсынылатын максималды мөлшерлемелер және 12 айлық жинақ депозиттер бойынша 2022 жылдың наурыз айына ұсынылатын максималды мөлшерлемелер ұлғайтылды.

Қор сайтының мәліметінше, өзгерістер 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі және осы күннен бастап, банктер өзінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы.

 


Депозиттер санаты

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

 

 

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Ақпан[1]

Наурыз

Ақпан1

Наурыз

Мерзімсіз депозиттер

13,0

13,0

13,0

13,0

Мерзімді депозиттер

3 ай

13,5

13,5

13,0

13,0

6 ай

13,5

13,5

13,0

13,0

12 ай

13,5

13,5

13,0

13,0

24 ай

9,4

9,4

9,2

9,2

Жинақ депозиттер

3 ай

14,0

14,0

13,5

13,5

6 ай

14,0

14,0

13,5

13,5

12 ай

14,9

14,9

13,7

13,7

24 ай

12,2

12,2

11,4

11,4

 

Депозиттер бойынша мөлшерлемелер 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап енгізіледі

Өзгелердің жаңалығы