"Теңге неге құнсыз?". Министр жауап берді

30 Қаңтар 2024, 11:56
3280
Бөлісу:
"Теңге неге құнсыз?". Министр жауап берді
VIDEO
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров теңгенің құнына байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі министрге "Қазақстанның теңгесі Қырғызстан мен Әзербайжанмен салыстырғанда неге құнсыз?" деп сұрақ қойды.

Елдеріміздің валюталары әртүрлі. Сіз қалай оларды салыстырасыз... Біздің теңгеміз құнсыз емес. Мәселен, екі жылдың ішінде валютамыз тұрақты сақталды. Бюджетте биыл бір доллар 460 теңге, қазіргі таңда тіпті 450 теңге болып тұр. Былтыр бұл көрсеткіш 470 теңге болды. Сондықтан валютамыз тұрақты деуге болады, - дейді Қуантыров үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы