Шығыс Қазақстанда жасанды қар көшкіні жүргізіледі

5 Ақпан 2020, 14:56
2666
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда жасанды қар көшкіні жүргізіледі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс-Қазақстан облысында темір жолдың таулы учаскелерінде қар көшкінін мәжбүрлі түрде тудыру жүргізіледі. Жұмыстар Тұрғысын – Заводинка өтпесінде орын алады, деп хабарлады Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстанда қаңтар бойы боран соқты. Айдың ортасынан дауыл мен таулы жерлерде автожолдарды қар көшкінінің жауып қалуы қаупін алдын ала ескертулер бірнеше мәрте жарияланды. Авто жолдар жабылды. Алайда темір жолдар үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қазіргі кезде Серебрянск жол дистанциясының жұмысшылары тау бөктерлерінен қардың көшуін бақылауда жүргізуге дайындалуда.

карик2.jpg

Жиылған қардың өздігінен түсуі пойыздар қозғалысы қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіпті болып табылады. Көшкін – пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі үшін тәуекелдерді тудыратын қауіпті табиғи құбылыс. Сондықтан да біз жарылыстар жасап, Тұрғысын – Заводинка өтпесінде таудан қар жиынтығын түсіреміз. Қар көлемі қазір осындай түсірулерді жүргізуге жеткілікті, - деп атап көрсетті Серебрянск жол жол дистанциясының бастығы Фархат Белгібаев.
карик3.jpeg

Жол дистанциясының мамандары жүзеге асыратын мониторинг мәліметтері бойынша биылғы қар өткен жылғыдан айтарлықтай мол. Қыс басталғалы көшкін орын алуы мүмкін учаскелердегі қардың қалындығы бақылануда. Жабындының әр қабаты тығыздығына, биіктігіне, температурасына өлшемдер жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы