Теміртаулық дәрігерлер баспаналы болды

31 Тамыз 2021, 20:51
4679
Бөлісу:
Теміртаулық дәрігерлер баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Теміртауда жаңа жекеменшік балабақша ашылып, бюджеттік мекемелердің 86 медицина қызметкеріне жаңа қызметтік пәтерлердің кілттері табыс етілді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбек хабарлады.

Қазір облыста 533 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Мемлекеттік қолдаудың және оларға мемлекеттік тапсырысты орналастырудың арқасында 83 жекеменшік балабақша мен шағын орталық ашылды. Осының нәтижесінде 3-6 жас аралығындағы барлық балаларды толық қамту мүмкін болып отыр. Жаңа балабақша 2 жастан 6 жасқа дейінгі 320 балаға есептелген. Мұнда балалардың дамып, дені сау болып өсулері үшін барлық жағдайлар жасалған. Жыл соңына дейін облыста тағы 12 жекеменшік балабақшаны ашу жоспарлануда - деді әкім.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің тұрғын үй мәселелерін шешуге келетін болсақ, бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында облыс дәрігерлеріне 122 қызметтік пәтер бөлінді.

Алдағы екі жыл ішінде Ипотекалық компаниямен жасалған шарт бойынша тағы 300-ге жуық пәтерді бөлу жоспарланып отыр. Бұл жұмысты біз барлық бюджеттік салаларда, атап айтқанда денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында жалғастыруға ниеттіміз - деді Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы