Теміртауда жантүршігерлік жол апатынан екі бала қаза тапты

8 Мамыр 2024, 11:14
352
Бөлісу:
Теміртауда жантүршігерлік жол апатынан екі бала қаза тапты

Теміртау қаласындағы ақылы жол бойында жантүршігерлік жол апатынан екі бала қайтыс болды. Оқиға "Алматы-Екатеринбург" тас жолында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Журналист Денис Денскидің Instagramпарақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, Toyota Camry мен Chevrolet Nexia автокөліктрі соқытығысқан.

Chevrolet Nexia көлігінде болған екі бала оқиға орнында қайтыс болды. Екі көлікте болған 10 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деп жазды автор.

Өзгелердің жаңалығы