Теміртауда ауа ластануы туралы ақпарат онлайн-режимде қолжетімді

5 Наурыз 2020, 02:25
1829
Бөлісу:
Теміртауда ауа ластануы туралы ақпарат онлайн-режимде қолжетімді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда ауа ластануы туралы ақпарат енді онлайн-режимде қолжетімді болады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да онлайн режимде ауаның ластану деңгейі туралы хабарландыру жүйесін сынақтан өткізу аяқталды. Енді барлық ниет білдірушілер деректерді сайтқа өтіп, көре алады www.arcelormittal.kz/index.php.

Деректерді ұсыну комбинаттың санитарлық-қорғау аймағының шекарасында орналасқан ауа сапасын автоматты бақылау бекеттерінен жүзеге асырылады.

БАЕО мамандары командасының көмегімен арнайы сайт әзірленген. Алдымен жүйе әр түрлі ауа райы жағдайында қалай жұмыс істейтінін тексеру қажеттілігі үшін сынақтан өтті.

Бүгінгі таңда деректер шаң деңгейі туралы ғана келіп түсуде. Компания мониторингке алдағы уақытта санитарлық-қорғау аймағының шекарасындағы атмосфералық ауа жай-күйінің басқа көрсеткіштерін қосуды жоспарлап отыр, - делінген "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінің ақпаратында.

Сонымен қатар, аталмыш сайтта атмосфералық қысымның көрсеткіштерін, ауа температурасын және желдің бағытын көруге болады.

Бұған дейін ауа сапасы туралы ақпарат тек компания қызметкерлеріне ғана қолжетімді болса, енді мәліметтерді кез келген адам көре алады.

Өзгелердің жаңалығы