Астанада 57 жастағы әйелді қоғамдық көлікпен соққан автобус жүргізушісі 2 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды.
Ер адам көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлесіп, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып кеткен.
Ауыр жарақат алған әйел ауруханада көз жұмды.
Сотта мемлекеттік айыптаушы жүргізушінің кінәсін толық дәлелдейтін айғақтарды ұсынды.
Бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек, сотталған азаматқа бес жыл бойы көлік құралдарын басқаруға тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енді.
Астана прокуратурасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады. Сондай-ақ ведомство көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану жүргізушінің назарын бөліп, қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада жүргізуші сәбиі бар әйелді көлігімен қағып, қашып кеткені хабарланды. Кішкентай сәби қайтыс болды, ійел ауыр халде ауруханада жатыр.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада көлігінің ақауына байланысты тоқтаған жүргізушіні басқа көлік қағып өлтірді
Астанада қызды көлігімен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші анықталды
Алматы облысында балаларды көлігімен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші ұсталды