Теміртас Жүсіпов жеңісін Қазақ еліне арнады

6 Қараша 2021, 11:12
2030
Бөлісу:
Теміртас Жүсіпов жеңісін Қазақ еліне арнады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белградтағы XXI Әлем чемпионатында жеңіске жеткен Теміртас Жүсіпов жетістігін Қазақ еліне арнады.

Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Бүгінгі жеңісімде Қазақ еліне, Қорғаныс министрлігіне, Армия спорт клубына, әскери әріптестеріме, бапкерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Жеңісімді Қазақ еліне, әскердегі әріптестеріме арнаймын! Алға, Қазақстан! – деді спортшы.

 Қазақстан Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының былғары қолғап шебері Теміртас Жүсіпов (48 келі) Белградта (Сербия) өткен Әлем чемпионатының финалында айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Ақтық жекпе-жектегі қарсыласы тайландтық боксшы Вуттичай Юрачай болды. Ел әскерінің спортшысы қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Теміртас Жүсіпов - 2019 жылғы Дүниежүзілік әскери ойындардың жеңімпазы, 2021 жылғы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы.

Армия спорт клубының тағы бір өкілі - мерзімді әскери қызметтегі қатардағы жауынгер Махмұд Сабырхан (54 келі) әлем чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.
Спортшы жасөспірімдер мен жастар арасында үш дүркін Азия чемпионы.
Өзгелердің жаңалығы