Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік қақпашылары рейтингіне енді

Қақпашы Чемпиондар лигасында бір «құрғақ» матч өткізіп, рейтингте 36-орынға тұрақтады.

 instagram/anarbekov_temirlan77 Бүгiн 2026, 15:18
Бүгiн 2026, 15:18
141
Фото: instagram/anarbekov_temirlan77

2025/2026 жылғы Чемпиондар лигасы маусымындағы «құрғақ» матчтар көрсеткіші бойынша үздік қақпашылар рейтингін Transfermarkt жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков бұл тізімде 36-орын алды. Еурокубоктың негізгі кезеңіндегі алты матчта 22 жастағы қақпашы тек бір ойында қақпасын голдан аман сақтап, 16,7 пайыз көрсеткіш көрсеткен. Осындай нәтиже «ПСЖ» қақпашысы Люка Шевалье мен пражалық «Славияның» ойыншысы Индржих Станекке де тиесілі.

Transfermarkt порталы футболшының трансферлік құнын 400 мың еуроға бағалап отыр. Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алты ойында «Қайрат» сапында Анарбеков 13 гол жіберген. Соған қарамастан, ол УЕФА нұсқасы бойынша матчтың үздік ойыншысы атанған алғашқы қазақстандық футболшы болды.

Айта кетейік, «Қайрат» биыл өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Сегіз турдың қорытындысы бойынша алматылық клуб жеті рет жеңіліп, бір матчта тең түсіп, турнир кестесінде соңғы – 36-орынды иеленді.

Наверх