Темекі туралы заң: Ресторатор 3 миллион теңге табады, кальян шегуші 26 мың айыппұл төлейді

17 Қазан 2023, 17:11
657
Бөлісу:
Темекі туралы заң: Ресторатор 3 миллион теңге табады, кальян шегуші 26 мың айыппұл төлейді
Фото: pixabay.com

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Кальяндық коллизия» дөңгелек үстелінде талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Серік Ақылбай біздің елде темекі, кальян шегумен күрес төмен деңгейде екенін айтты. Осы орайда айыппұлдар маңызды рөл атқаратынын атап, Темекі туралы заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан мен өзге елдегі айыппұл мөлшерін салыстырды.

Мысалы Ирландияда айыппұл мөлшері 3000 еуро (1 504 417 теңге), Ұлыбританияда 200-ден 2500 фунтқа дейін (115 669 теңгеден 1 445 861 теңгеге дейін), Грецияда 1500 еуроға дейін (752 209 теңге), АҚШ-та 250 доллардан 1000 долларға дейін (119 256 теңгеден 477 025 теңгеге дейін). Ал Қазақстанда жеке тұлғалар үшін 15 АЕК (1 АЕК - 3450 теңге). Ал уақытын созбай төлесе, 51 750 теңгеден 26 мың теңгеге дейін қысқарады, - деді Серік Ақылбай.

Ол аталған сомма рестораторлар бір түнде табатын 3 миллион теңгемен салыстырғанда мардымсыз екенін жеткізді. Өйткені кальян шегушілер кальянды ұзақ отырып және көп мөлшерде сусындар мен тамаққа тапсырыс беріп тұтынатынын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы