ШҚО-да ірі көлемде контрабандалық темекі тәркіленді

9 Қазан 2020, 10:21
1348
Бөлісу:
ШҚО-да ірі көлемде контрабандалық темекі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында темекі бұйымдарын сату бойынша заңсыз кәсіпкерліктің жолы кесілді.

Бұл туралы ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Семей қаласында жедел-тергеу шараларын жүргізді. Тексеріс барысында акциздік жапсырмасыз және оларды сатып алу фактісін растайтын ілеспе құжаттарсыз темекі бұйымдары анықталды. Қойманы тексеру барысында жалпы сомасы 64,9 млн теңге болатын «Zumerret», «Marble», «Captain Black blue», «Captain Black», «Omega» и «Max 7»  маркаларындағы  295 қорап темекі бұйымы табылды, - делінген хабарламада. 

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 214 бабының 1-б. бойынша қылмыстық іс тіркелді. 

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы