Текелі тұрғыны алғаш рет дауыс берді

10 Қаңтар 2021, 15:48
1957
Бөлісу:
Текелі тұрғыны алғаш рет дауыс берді

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Текелі қаласындағы №1035 сайлау учаскесінде 18 жастағы Арайлым Даданбекова алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. 

Арайлым Текелі қаласында туып-өскен, қазір Алматы қаласындағы Тұран университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алуда. 

Бүгін мен үшін маңызды әрі қуанышты күн. Алғаш рет Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезекті сайлауына қатысып, өз даусымды бердім. Бұл менің азаматтық борышым деп санаймын. Ел болашағы - жастардың қолында. Барша текелілік жастарды сайлауға белсене қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамын, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы