«ТЭК-Қазақстан» отын-энергетикалық кешеніне 1,6 млрд теңге айыппұл салынды

25 Мамыр 2023, 15:52
657
Бөлісу:
«ТЭК-Қазақстан» отын-энергетикалық кешеніне 1,6 млрд теңге айыппұл салынды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

«ТЭК-Қазақстан «Сауда үйі» ЖШС-ға қатысты монополияға қарсы тергеу аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызметтер кешеніне (дизель отынын қабылдау, сақтау және босату) монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталды.

Бұған дейін серіктестікке қатысты ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ҚР ӘҚБтК 159-бабының 3-бөлімінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске бастамашылық жасаған болатын.

2023 жылғы 20 сәуірде Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі соты серіктестікке қатысты 1,6 млрд теңге әкімшілік жаза қолданды. 2023 жылғы 24 мамырда Астана қаласының соты бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырды. Сот шешімі заңды күшіне енді, - делінген таратылған ақпартта.

Өзгелердің жаңалығы