Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин телефон алаяқтарымен қалай сөйлесетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, қоңырау келген кезде тек қазақша жауап беру керек.
Мен әркез қарапайым жауап қайтрамын. Олар маған хабарласса, жауабым белгілі. Маған қоңырау шалса, тек қазақша жауап беремін. Олар телефон тұтқасын қоя салады, - деді министр Үкімет отырысынан соң.
Еске салайық, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин неліктен шетелдік IT мамандардың елімізге көптеп келу керек екенін түсіндірген еді.