Техникалық бағытты алға жетелеуіміз керек - Сержан Есжанов

18 Қаңтар 2022, 17:10
2104
Бөлісу:
Техникалық бағытты алға жетелеуіміз керек - Сержан Есжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім сапасының деңгейінің көтерілуі қоғамның дамып, ілгері жүруіне бірден бір қадам болады. Мұндай пікірді елордалық жастар мәслихатының депутаты Сержан Есжанов айтты.

Жас депутат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарды дамытуға бағытталған шешімдерді қолдайтынын жеткізді. Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылғаннан кейін еліміздің техникалық саласы дамиды деген сенім білдірді.

ҚР Президенті Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде Еліміздің қозғаушы күші жастарға да аса мән беріп беріп, ерекше тоқталды. ЖОО мен колледж түлектеріне арнайы «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы» бағдарламаларының мерзімін ұзартып, еңбекке төленетін еңбекақының мөлшерін қарастыруды тапсырды. Бұл дегеніміз жақында түлектер үшін жақсы жаңалық болады деген сөз деп түсінуге болады. Білім сапасының деңгейінің көтерілуі қоғамның дамып, ілгері жүруіне бірден бір қадам болады деп нық сеніммен айта аламын. Сөзіме дәлел Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылға дейін елімізде 5 әлемдік беделі бар жоғарғы оқу орнының филиалын ашуды тапсырды және оның екеуі еліміздің батыс өңірінде ашылып, техникалық бағытта болуын тапсырды. Тапсырманың негізгі мақсаты - елімізде техникалық сапалы мамандар тапшылығы мәселесін шешу. Осыған орай әлемдік үдерістен қалмай біз де техникалық бағытты алға жетелеуіміз керек. Бізде техникалық сала әрине ақсаңдап тұр десем болады, бірақ жаңа оқу орындары ашылғаннан кейін еліміздің техникалық саласы дамиды деген сенімдеміз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы