Иран АҚШ-пен диалогты қайта бастау үшін Вашингтон тарапынан қысым мен қоқан-лоққының тоқтатылуын қажет деп санайды. Бұл туралы The Wall Street Journal дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Басылым мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамптың риторикасын жұмсартуы Ирандағы қатаң ұстанымдағы топтарды келіссөздерді қайта бастауға көндіруі мүмкін.
Сонымен қатар, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи делдалдармен кеңескеннен кейін келісімге келу мүмкін деп есептесе, тараптар жақын күндері қайта кездесуі ықтимал.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ өкілдерінің Пәкістанға жоспарланған сапары тоқтатылған еді. Ал Иран тарапы бұл сапар аясында америкалықтармен тікелей келіссөз жүргізу жоспарланбағанын мәлімдеген.