TEDx Astana конференциясына тіркеу басталды

7 Тамыз 2019, 11:48
2661
Бөлісу:
TEDx Astana конференциясына тіркеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қыркүйекте елордада TEDx Astana ғылыми-көпшілік конференциясы өтеді. Бұл туралы конференция ұйымдастырушылары хабарлады.

«Биылғы конференцияның тақырыбы – Under One Sun (Бір аспан астында). Бұл тақырыпты таңдауымыздың өзіндік себебі бар. Себебі, біз бір-бірімізге ұқсамаймыз. Ой-пікіріміз де әртүрлі. Дегенмен бәрімізді біріктіретін тақырыптар да бар. Дәл осы тақырып бізді алаңдататын мәселелерді ортаға салуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», - деді TEDx Astana конференциясының кураторы Әлия Сандыбаева.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, конференцияда адамзат жеткен жетістіктердің қоршаған орта мен экономикаға әсері туралы жылдар бойы қалыптасқан «үйреншікті» пікірлерді өзгертетін идеялар сөз болады. Спикерлер адамдардың өмір салты мен болашағына әсер ететін мәдени-әлеуметтік құбылыстар, инновациялар мен заманауи технологиялардың қазіргі заманның ең өзекті деген мәселелерін шешуге қаншалықты мүмкіндігі бар деген сауалдарға жауап іздейді.

Алғашқы TEDx конференциясы Қазақстан мен ТМД елдері аумағында 2010 жылы өткізілген болатын. Ал, TED қорының арнайы лицензиясымен өткізілетін TEDx Astana 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. TEDx – жергілікті жерлерде түрлі ағартушылық шара өткізуге арналған ғаламдық жоба.

Конференцияға тіркеу tedxastana.com сайтында 5 қыркүйекке дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы