Ted Talks: Астанада жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мәселелері талқыланды

10 Қазан 2020, 22:30
2213
Бөлісу:
Ted Talks: Астанада жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мәселелері талқыланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ted Talks форматындағы кездесу елорданың мамандандырылған ХҚКО-да өтті.

Онда орталық қызметкерлеріне қаладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қоғамдағы парасаттылық мәдениеті бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Ted Talks: Астанада жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мәселелері талқыланды

Конференцияда спикер ретінде Nur Otan партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы директорының орынбасары Сабина Тауан, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының сарапшы-талдаушысы Айбек Қабылдин, «Астана - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің офицері Диас Қозыбаев сөз сөйледі.

Ted Talks: Астанада жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мәселелері талқыланды

Мамандандырылған ХҚКО - халық көп келетін орын. Бұл жерде жемқорлықтың орын алу фактілері өте жоғары. Сол себепті мұндай кездесу өткізу өте маңызды. Қызметкерлер бұл мәселені жақсы түсініп, біліп отыр. Алдағы уақытта мұндай мәселелерге жол бермейді деп сенеміз, - дейді Шыңғысхан Қожахметов.
Ted Talks: Астанада жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мәселелері талқыланды


Сондай-ақ, қатысушылар этикалық мәдениет деңгейі мен қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың таралу мәселелерін талқылап, құқықтық, адалдық мәдениетті ілгерілетудегі жаңа әдістер туралы айтты. Мәселен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды бағыттарының біріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттың көмегімен қоғамдық сананы өзгерту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру жатады.

Ted Talks: Астанада жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мәселелері талқыланды


Өзгелердің жаңалығы