Теңіз кенішінің тағы тоғыз​ жұмысшысынан вирус табылды

26 Сәуір 2020, 18:26
1222
Бөлісу:
Теңіз кенішінің тағы тоғыз​ жұмысшысынан вирус табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Атырауда​ Covid-19 инфекциясына шалдыққандар саны 117​ адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Қауіпті індет табылғандар 1969, 1994, 1977, 1996, 1991, 1979, 1985, 1976​ ​ ​ жылы туған ер адамдар. Және 1983 жылғы әйел адам.​

Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін​ жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын.​

Аталған азаматтарға жасалған ПЦР диагностикалық зерттеуінің нәтижесі коронавирус инфекциясын растады.​

 ​Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлығы дәрігерлік қатаң бақылауға алынды.​

Ауру ошақтарында дезинфекция жасалуда.​ 26​ сәуір күнгі жағдай бойынша, Атырау облысында​ 117​ адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр. Cауығып шыққандар саны – 42.
Өзгелердің жаңалығы