Қазақстан елшісі Тәжікстан президентіне сенім грамоталарын табыстады

31 Шілде 2019, 17:36
2021
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Тәжікстан президентіне сенім грамоталарын табыстады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салтанатты рәсім Душанбеде өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Душанбе қаласындағы Ұлт сарайында Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Асқар Тәжібаевтың Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонға сенім грамоталарын табыстау салтанатты рәсімі өтті.
с2.jpg

"Рәсім барысында Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан қатынастарының жоғары деңгейін атап өтіп, екі ел арасындағы өзара тиімді, дәстүрлі достық іс-қимылдарды одан әрі дамытуға дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ, Тәжікстан президенті Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізіп, жаңа елшіге Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастығын нығайту бағытында сәтті әрі жемісті жұмыс тіледі", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде Асқар Тәжібаев Тәжікстан президентін екі ел басшыларының мемлекеттер арасындағы ежелгі бауырластық пен достық қатынастарын нығайту және кеңейту жөніндегі міндеттерін орындауда Елшілік барлық күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді.

Өзгелердің жаңалығы