Тәжікстан мен Еуроодақ әріптестік мәселесін талқылады

20 Маусым 2021, 11:36
1758
Бөлісу:
Тәжікстан мен Еуроодақ әріптестік мәселесін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Анталияда өткен дипломатиялық алаңда Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин Еуропалық Одақтың сыртқы істер және саяси қауіпсіздік жөніндегі төрағасы Жозеп Борреллемен кездесті.

Бұл туралы centralasia.media хабарлады.

Кездесу барысында екі тарап Тәжікстан мен Еуродақ арасындағы әріптестік мәселелерін талқылап, Орталық Азиядағы одақтың жаңа стратегиясы мен бірлескен жобаларды іске асыру жайлы сөз қозғады. Екі жақтың өкілі де Еуропалық Одақ пен Тәжікстан әріптестік кеңесі аясында адам құқықтарын қорғау және саяси қауіпсіздік мәселелерінің маңызды екенін атап өтті.

Осы орайда өңірлік қауіпсіздік пен Ауғанстандағы жағдай, терроризм мен экстремизм қаупі төңірегінде екі жақты диалог өтті.

Өзгелердің жаңалығы