Ақтөбе облысындағы жол апаты салдарынан Тәжікстан азаматы қайтыс болды

30 Желтоқсан 2019, 16:07
15481
Бөлісу:
Ақтөбе облысындағы жол апаты салдарынан Тәжікстан азаматы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 29 желтоқсанында шамамен сағат 13:00-де "Ақтөбе-Орынбор" тасжолының 29-шақырымында үш автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Бұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Лада-Ларгус" автокөлігінің (ресейлік есепте) жүргізушісі Тәжікстан азаматы Ресейден Тәжікстанға бара жатып, жолдың тайғақ учаскесінде ауа райының метеорологиялық жағдайын ескермей, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып, басқа "Лада-Ларгус" автокөлігінің бүйірімен жанасып соқтығысқан. Соққыдан "Лада-Ларгус" автокөлігі (ресейлік есептегісі) қозғалыс траекториясын өзгертіп, қарсы бағытта келе жатқан "БМВ" автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Кейіннен "Лада-Ларгус" автокөлігі кюветке ұшып кетіп, 30 минуттан кейін электр сымдарының тұйықталуынан жана бастаған. Бұған дейін, патрульдік полиция ротасының наряды жолаушыларды көліктен шығарып үлгерген, - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан, "Лада-Ларгус" автокөлігінің жүргізушісі Тәжікстан азаматы ауруханаға бара жатып, қайтыс болды. Ал 4 жолаушы (1 Ресей азаматы, 3 Тәжікстан азаматы) түрлі жарақаттарымен Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. 

Оқиға байланысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, "Лада-Ларгус" автокөлігінің жүргізушісі (ресейлік есепте) уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауды, белгіленген жылдамдықты, қозғалыс интервалын сақтауды және негізсіз маневрлер мен күрт тежеулерден аулақ болуды ескертеді. 

Сонымен қатар, жолға шыға отырып, ауа райының метеорологиялық жағдайларын ескеруді сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы