Тазалық жанашырлықтан басталады

27 Мамыр 2024, 13:22
230
Бөлісу:
Тазалық жанашырлықтан басталады
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Республикалық "Таза Қазақстан" акциясы Шымкент қаласында қарқынды жалғасуда. Қаладағы барлық аудандар аясында тазалық шаралары жан-жақты жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айталық, қаладағы Абай ауданында бірқатар экологиялық шаралар жүзеге асырылды. Осы аудан аумағындағы Темірлан тас жолында орналасқан скверде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық іс-шарасына жалпы 100-ден астам аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар, еріктілер қатысты. «Тазалық - денсаулық кепілі» деген ұстаныммен өткен іс-шарада ағаш кесу, әктеу, шөп ору, суғару, қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. 

Мемлекет басшысы тапсырмасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаннан бері аудан тұрғындары күн сайын өзі тұратын көше бойындағы арықтарды, жол жиектерін қоқыстан тазартып, белсенді қатысуда, - дейді Қызылжар шағынауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Бастархан Байжанов.

Тазалық жанашырлықтан басталады

Қала – ортақ үйіміз. Сондықтан, оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажет. 

Абай ауданы көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізуде. 

Тазалық жанашырлықтан басталады

Табиғатты таза ұстау, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау ол сізбен біздің басты міндетіміз. Осы ретте, барша тұрғындардан еңбекті бағалауды, көлікте, көшеде жүргенде бей-берекет қоқыс тастамауды сұраймыз, - деді Шымкент қаласының әйелдер істері жөніндегі гендірлік комиссияның мүшесі, қоғам белсендісі Орынша Таджибаева.

Абай ауданында өткен тазалық іс-шарасына 250-ден аса адам қатысты. Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. 

Тазалық жанашырлықтан басталады

Ал, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданына қарасты Ә.Жангелдин көшесі бойындағы №28, 30, 32 көп қабатты тұрғын үй тұрғындары да Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізіліп жатқан тазалық жұмыстарына белсенділік танытты.

Тұрғындар «Тазалық – денсаулық кепілі» деген ұранды ұстанып, өз аулаларындағы ағаштардың түптерін әктеу, артық өскен бұталарды қырқу, шөптерді ору, ирригациялық арықтарды күл-қоқыстан тазалау және ойын алаңшалары мен орындықтарды сырлау жұмыстарын жүргізді.

Тазалық жанашырлықтан басталады

Тазалық жұмыстарына тұрғындармен бірге ауданның ардагерлері, белсенді жастармен қатар коммуналдық қызметкерлер барлығы 200-ден астам адам атсалысты.

Іс-шараға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамудин Наштайұлы Президентіміздің «Таза Қазақстан» акциясының науқандық іс-шара еместігін, бұған әрбір қала тұрғыны бей-жай қарамай тазалық мәдениетінің өзімізден бастау қажет екенін айтты. Сондай-ақ тұрғындарды өз аулаларын таза ұстауға, жастардың тазалық мәдениетін сақтауға баса назар аудару қажет екенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы