Таразда ел чемпионатының ашылу салтанаты өтті

1 Сәуір 2021, 17:29
1819
Бөлісу:
Таразда ел чемпионатының ашылу салтанаты өтті
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін 30 наурыздан 8 сәуірге дейін жалғасатын көкпар мен аударыспақтан Қазақстан Республикасы чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті.

Еліміздің 3 қаласынан және 12 облысынан келген көкпардан 15 команда мен аударыспақтың 71 палуаны қатысқан айтулы дода пандемия салдарынан көрерменсіз өтіп жатыр.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған чемпионаттың да биыл 20 жылдығы. 20 жылдан бері тоқтаусыз өтіп келе жатқан чемпионат өткен жылы ғана коронавирус салдарынан өтпей қалған.

Биылғы чемпионаттың басты ерекшелігі – көкпар лигаға бөлінді.


Яғни, Жоғарғы лигада:

6. СҚО
7. Түркістан облысы
8. Жамбыл облысы
9. Атырау облысы
10. Қызылорда облысы.

Бірінші лигада:

«А» тобы

6. Қарағанды облысы
7. БҚО
8. Алматы облысы
9. Қостанай облысы
10. Алматы қаласы.

«В» тобы

6. Маңғыстау облысы
7. Нұр-Сұлтан қаласы
8. Ақтөбе облысы
9. Павлодар облысы
10. Шымкент қаласы.

Ал аударыспақ спорты бұған дейін 5 салмақ дәрежесінде өтіп келсе, биылдан бастап 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Нақтырақ айтсақ, 57, 62, 68, 74, 82, 91, 100 және 100 келіден жоғары салмақтағы палуандар ат үстінде белдеседі.

Ел чемпионатының ашылу салтанатына Парламент Мәжілісінің депутаты, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан жіне Жамбыл облысы Спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков және ұлттық спорт ардагерлері қатысты.

Ашылу салтанатынан соң Аударыспақ спортының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аударыспақтың жеңіл салмақтағы және ауыр салмақтағы жеңімпаздары анықталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы