"Таза Қазақстан". Жаңатастықтар Комсомол көлінің аумағын тазартты

10 Сәуір 2024, 15:26
282
Бөлісу:
"Таза Қазақстан". Жаңатастықтар Комсомол көлінің аумағын тазартты
PHOTO
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сарысу ауданында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында экологиялық науқан басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Таза Қазақстан". Жаңатастықтар Комсомол көлінің аумағын тазартты

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің үндеуінде "Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс", – деп атап көрсетті.

"Таза Қазақстан". Жаңатастықтар Комсомол көлінің аумағын тазартты

Осы бағытта 10 сәуір күні аудан көлемінде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы басталды. 

Бүгінде Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында орналасқан "Комсомол" көлінің аумағында тазалық жұмыстары өткізілді.

"Таза Қазақстан". Жаңатастықтар Комсомол көлінің аумағын тазартты

Акция аясында аудан әкімі Сәкен Мамытов аудан тұрғындарына үндеу жасады. Ол тазалық акциясы аясында тазалық жұмыстарына ұйытқы, игі істерде дәнекер болуға және туған жерді түлетуге атсалысуға шақырды. 

"Таза Қазақстан". Жаңатастықтар Комсомол көлінің аумағын тазартты

Айта кетейік, аталған шараға 40-тан аса мемлекеттік мекеме мен кәсіпорын жұмылдырылып, 300-ге жуық адам қамтылды. Жалпы Сарысу ауданында жыл басынан бері 1500-ге жуық ағаш отырғызылып, тазалық жұмыстары белсенді ұйымдастырылуда.

"Таза Қазақстан". Жаңатастықтар Комсомол көлінің аумағын тазартты

Бұған дейін хабарлағанымыздай, киелі Әулиеата өңірінде "Таза Қазақстан" акциясы аясында "Таза аула. Таза өлке. Таза ел!" экологиялық науқаны басталды.

Бұдан бөлек Түркістан облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында түрлі апталықтар өткізу жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы