Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

10 Сәуір 2024, 10:12
333
Бөлісу:
Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады
PHOTO
Фото: Автордың фейсбук парақшасынан

Тарихы терең, киелі Әулиеата өңірінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны басталғаны туралы Ербол Қарашөкеев өзінің әлеуметтік парақшасында жазады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елімізде 8 сәуірден бастап «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы басталды. Жамбыл облысының тұрғындары да бұл бастаманы белсенді қолдауда. 

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

Бұл игі бастамаға барша облыс тұрғындары өзара ұйымшылдықпен қатысады деп сенемін. Мемлекет басшысы көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аулаларын абаттандыру, жолдарды ретке келтіру бойынша нақты міндеттер жүктеген болатын. Расында да, бұл тұрғыда мәселелердің өзектілігі күн санап артып келеді. Ал, оның шешілуіне жұмыла жұмыс жасағанда ғана нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз. Себебі, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Туған жерімізді, туған өлкемізді аялау, оны көздің қарашығындай қадірлеу – ортақ іс.

Халқымызда «Ауылына қарап – азаматын таны» деген жақсы сөз бар. Біз үшін бүгінде «Тараз – жасыл қала» деген лайықты бағамызды сақтап қалу – маңызды. Тек облыс орталығын ғана емес, аудандар мен ауылдардың да ажарын арттырып, абаттандыру – басты талап.Көптеген айтулы тұлғаларды түлеткен өңіріміз – еліміздің мақтанышы болып қалуы керек.

«Жұмыла көтерген жүк – жеңіл!»-деп тегін айтылмаған. Ендеше, барша облыс тұрғындарын тазалықты сақтауға, табиғатты аялауға, айналамызды күтіп ұстауға шақырамын,- дейді Қарашөкеев.

Акция аясында Тараз қаласы мен өңірдің барлық ауданында 5 апта бойы экологиялық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа бағытталған.

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.

«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.

«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.

«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.

Сондай-ақ экологиялық науқан аясында Тараз қаласындағы Ы. Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінің аумағында ағаш отырғызу акциясы өтеді. Облыс орталығында және Жуалы ауданында «Таза аула, таза көше» байқауы өтеді.

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

Шу тұрғындары сенбілікті Теміржолшылар саябағында өткізеді. Сарысу ауданында белсенді азаматтар сенбілікке орталық алаңда және Комсомол көлінің жағасында жиналады.

Шара барысында өңірдегі арықтар мен каналдарды тазалау, абаттандыруға баса назар аударылады.

 

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

«Таза Қазақстан» акциясына «Жас ұлан» және «Жасыл ел» жасақтары да белсене атсалыспақ.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырған болатын.

Бұған дейін «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы әр өңірлерде басталғанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы