Таза Қазақстан. Ұлытауда 3500-ге жуық көшет отырғызылды

29 Сәуір 2024, 21:23
348
Бөлісу:
Таза Қазақстан. Ұлытауда 3500-ге жуық көшет отырғызылды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысында бүгін 3500-ге жуық көшет отырғызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экологиялық акцияның «Жасыл аймақ» апталығы облыстағы барлық қала-ауданда осылайша нәтижелі қорытындыланды. Атап айтар болсақ, мектептер мен балабақшалардың аумағына 1475, саябақтар мен алаңдарға 1150, қала көшелері мен тұрғын үйлердің ауласына 725 көшет егілді.

Бас аяғы үш мыңға жуық ұлытаулық белсенділік танытқан экологиялық акцияда Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған қаласындағы жалпы білім беретін №3 мектептің ауласында жас терек ағашын отырғызды.

Көгалдандыру іс-шарасына 1160 жезқазғандық тұрғын бас аяғы 475 терек, шырша, 400 сәтбаевтық азамат 1500 терек, қараған, шие ағашын, 380 қаражалдық 600 терек, 200 жаңаарқалық 300 қарағай, терек және Ұлытау ауданының 693 тұрғыны 475 терек, қара ағаш көшеттерін отырғызды.

Өзгелердің жаңалығы