"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы ел жолдарында жалғасын тапты

10 Сәуір 2024, 12:09
245
Бөлісу:
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы ел жолдарында жалғасын тапты
Фото: Арман Мухатов - архив

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалына қарасты «ҚАЖсервис» ЖШС Жамбыл облыстық филиалы тарапынан Жуалы ауданында Республикалық маңызы бар автомобиль жолының 568 шақырымда орналасқан демалыс алаңында өткізілетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мекеме тарапынан аталған акцияға жалпы саны 14 адам және 4 бірлік арнайы жол техникалары қатысатын болады. Олар жол бойын күл-қоқыстан тазалау, эстакадаларды және аялдамаларды сырлау, суық дәретханаларды ақтау, жол бойын және демалыс алаңын арнайы техникамен сыпыру сияқты жұмыстар жүргізіледі. 

Науқан аясында Талас ауданында барлық елді мекендерде тазалық жұмыстары жалғасын табуда. Екі жүк көлігі жұмылдырылып, 150-ге жуық адам қамтылу жоспарлануда. Оған қоса 30-ға жуық еріктілер өз үлестерін қосатын болады. Акция барысында 236 жол белгілері, 27 аялдама 360 бағана ретке келтіріледі.

Ал Жуалы ауданында Б.Момышұлы ауылы мен Қарасаз ауылдық округінге «Таза аула-таза көше» байқауы өтті. Іс-шараға 500-ге жуық тұрғын  қамтылу жоспарлануда. Науқан барысында 50-ден аса  көше мен 500-ден аса аула тазаланады.

Жамбыл ауданының ардагерлері аудан жастарын тарта отырып, ұрпақтар сабақтастығы ретінде аудандағы 120 еңбек ардагерлерінің аулаларындағы көктемгі егін жұмыстарына қол ұшын берді. 

Олар өздерімен бірге жұмыс құралдарын ала келіп, баспана аулаларын күл-қоқыстан тазартты, үй іргесіндегі тәлімі жерді көктемгі егіске дайындау мақсатында аударып, тырмалап, су жүретін арық-атыздарды тартып берді. 

Акцияға қосылған өңірлер арасында Байзақ ауданы да өз үлестерін қосуда. Байзақ ауданының орталығы саналатын Сарыкемер ауылында Дендросаябақ аумағында волонтерлардың қатысуымен тазалық жұмыстарын жүргізу, сәндік көшеттерді отырғызу іс-шарасы ұйымдастырылады.

Сондай-ақ Шу ауданында барлық ауылдық аймақтарда тазалық жұмыстары жалғасын табуда. Игі бастамаға барлық мекеме ұжымдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері,қоғам белсенділері мен жастар және тұрғындар белсене қатысуда.

Өңірде бүгінгі таңға дейін 150-ге жуық тал көшеттері отырғызылды. Уақытылы күтім жасалынуда. Екі айлық аяқталғанша 1500 түп саялы ағаш егілу жоспарлануда. Тазалық жұмыстары Шу қаласы Теміржолшылар саябағында өтті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырған болатын.

Біз бұған дейін «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы әр өңірлерде басталғанын жазған болатынбыз. Жамбыл облысы да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады. 

Өзгелердің жаңалығы