«Таза Қазақстан». Астана полициясы тәртіп бұзушыларды анықтады

3 Қыркүйек 2024, 17:50
406
Бөлісу:
«Таза Қазақстан». Астана полициясы тәртіп бұзушыларды анықтады
Фото: BAQ.KZ -архив

«Таза Қазақстан. Астана тазалық пен тәртіп үлгісі» акциясы аясында Астана қаласы Полиция департаментімен қоршаған ортаны жақсарту ережелерін бұзу, қоғамдық орындарды ластауды ескерту бойынша іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Акция басталғалы полицейлер 15 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде абаттандыру ережелерін бұзу – 9208, қоғамдық орындарды ластау – 5401. Биылғы жылдың басынан бері рұқсатсыз қоқыс шығарғаны үшін 186 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Астана қаласы Полиция департаменті барша қала тұрғындарын немқұрайлы қарамай, елорданы көркейтуге өз үлестерін қосып, акцияға қосылуға шақырады. Белгісіз орындарға қоқыс төгу, құрылыс немесе басқа да қалдықтарды сақтауды куәгері болсаңыз, дереу 102 арнаға хабарлаңыз, - деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы