#Тәуелсіздік30: Волонтер жылы Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға болды

16 Наурыз 2021, 12:51
1526
Бөлісу:
#Тәуелсіздік30: Волонтер жылы Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ алаңында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасын өткізу тақырыбы аясындағы брифингте Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтты. 
 

2020 жылы Президенттің тапсырмасымен «Волонтер жылы» деп жарияланған болатын. 

Былтыр еліміздің ғана емес, әлем тарихында күрделі күрделі кезең болды. Осыған қарамастан ондаған мың қазақстандық мейірімділігінің, қайырымдылығының арқасында қайырымды істердің жалпыұлттық идеясын шындыққа айналдыра білді. Волонтерлікті дамыту саласындағы оң тәжірибенің жалғасы ретінде биыл Мемлекет басшысының «Қайырымды істер марафоны» жобасын бастап отырмыз, - деді ол. 

Мадияр Қожахмет атап өткендей, Волонтер жылы Тәуелсіз Қазақстан тарихында басты әрі маңызды оқиға болды.

Сондай-ақ, іс жүзінде волонтер сөзінің басымдығы дәлелденді. Волонтерлік біздің азаматтарымыздың бір-біріне жанашырлығын, адамдардың және туған еліміздің тағдыры үшін жауапкершілік сезімін оятып, үлкен нәтижелерге жеткізді, - деп түсіндірді комитет төрағасы. 

Бір жыл ішінде волонтерлік қызметке қатысатын азаматтар мен ұйымдар санының тұрақты өсіп, олардың қатысуымен іске асырылатын бағдарламалар мен жобалар арта түсті.

 

Бір жылдың ішінде волонтерлік топтар мен ұйымдар саны 3 есе артып, 600-ден аса ұйымға жетті. Тұрақты волонтерлер саны бірнеше есеге өсті. Олардың саны бүгінгі күні 180 мыңнан асты, - деп айтты Қожахмет брифингте. 


 


 

Өзгелердің жаңалығы