#Тәуелсіздік30. Ат спорты фестивалі. Бәйге

17 Қазан 2021, 18:16
4500
Бөлісу:
#Тәуелсіздік30. Ат спорты фестивалі. Бәйге
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы ипподромда ат спорты түрлерінен облыстық фестиваль өтті.

#Тәуелсіздік30. Ат спорты фестивалі. Бәйге

Көкпар, теңге ілу, жамбы ату және 7 шақырымдық бәйге ұйымдастырылған фестивальге Ақмола облысының Ерейментау, Шортанды, Целиноград, Аршалы, Ақкөл, Зеренді аудандарынан ұлттық спорт жанашырлары, Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов және аудан әкімдерінің орынбасарлары, ұлттық спорт мектептерінің басшылары қатысты.

#Тәуелсіздік30. Ат спорты фестивалі. Бәйге

Ақкөл өңірі табиғаты тамаша, жанға да, малға да жайлы мекен. Күні бойғы фестиваль қызығының қорытындысын 7 шақырымдық бәйге шығарды.

Ешқандай жасқа, тұқымға шектеу қойылмаған бәйгеге облыстың Ерейментау, Шортанды, Целиноград, Аршалы, Ақкөл, Зеренді аудандары мен Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалаларынан келген 11 жүйрік қатысты.

#Тәуелсіздік30. Ат спорты фестивалі. Бәйге

Ұзақтығы 1,8 км болатын бәйге алаңын 4 айналған 11 жүйріктің мәреге жетеуі жетті.

#Тәуелсіздік30. Ат спорты фестивалі. Бәйге

Кіл жүйрікте кім жүйрік екенін анықтағын шабыста Нұр-Сұлтан қаласынан барған «Сарқырама» атты жүйрік бірінші орын болды.

#Тәуелсіздік30. Ат спорты фестивалі. Бәйге

Жалпы үш жүйрікке жүлде тігілген болатын. Қалған екінші-үшінші орынды Ақкөл ауданының қос жүйрігі иеленді.

Сонымен:

#Тәуелсіздік30. Ат спорты фестивалі. Бәйге

1-орын – «Сарқырама» Шабандозы – Сәкен Дидар, ат иесі Жанатаров Ержан (Нұр-Сұлтан қаласы) - 500 000 тг.

#Тәуелсіздік30. Ат спорты фестивалі. Бәйге

2-орын – «Занзибара». Шабандозы – Нұрбол Тоқтаған, ат иесі – Тасмұхаметов Әділет (Ақкөл ауданы) - 300 000 тг.

#Тәуелсіздік30. Ат спорты фестивалі. Бәйге

3-орын – «Ақжол». Шабандозы – Жангелді, ат иесі – Қуат (Ақкөл ауданы) - 100 000 тг.

#Тәуелсіздік30. Ат спорты фестивалі. Бәйге

Жасым – 10-да. Бәйгеге қатысып жүргеніме біраз болды. Астанадан келдік. Әрине, жақын жер болса да, жауапкершілік болуы керек. 16, 25 шақырымдық аламандарға да қатысып жүрмін. Атты жақсы көрем, – дейді жүлделі болған шабандоз Дидар Сәкен.

Өзгелердің жаңалығы