Тәуелсіздік тарихында алғаш рет болып отыр. Сенатта жаңа депутат ант берді

10 Ақпан 2022, 10:09
1660
Бөлісу:
Тәуелсіздік тарихында алғаш рет болып отыр.  Сенатта жаңа депутат ант берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында жаңадан сайланған депутат Ләззат Қалтаева ант берді. 

Президент жарлығымен қаңтарда Ләззат Қалтаева Сенат депутаты болып тағайындалды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтың депутат болуы тәуелсіздік жылдары алғаш рет  болып  отыр. Жалпы Мемлекет басшысы бұл санаттағы азаматтардың саяси өмірге белсенді араласуына үлкен мән беріп келеді. Ләззат Қалтаеваның депутат болуы соның жарқын үлгісі. Мұндай қадам мүгедектігі бар адамдардың саяси және қоғамдық өмірдің дамуына ықпал етеді деп ойлаймыз. Ләззат Молдабекқызын көпшілік белсенді азамат ретінде таниды, - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. 

 Өз кезегінде Ләззат Қалтаева Сенат депутаты ретінде алғаш рет ант берді. 

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелерін адал атқаруға ант етемін, - деді ол. 

Сондай-ақ отырыста Сенат депутаты Қалтаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты тұрақты комитетінің құрамына сайланды. Депутат Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің құрамында қызмет етуге өтініш білдірген. 

Өзгелердің жаңалығы