«Тәуелсіз Қазақстан»: Астанада суреттер байқауының жеңімпаздары анықталды

20 Қараша 2023, 21:27
1395
Бөлісу:
«Тәуелсіз Қазақстан»: Астанада суреттер байқауының жеңімпаздары анықталды
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Елордада интернаттан кейінгі сүйемелдеу орталығында жастар арасында «Тәуелсіз Қазақстан» атты сурет байқауы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған шығармашылық байқауға еліміздің барлық қаласынан 350 бала қатысты.

«Тәуелсіз Қазақстан»: Астанада суреттер байқауының жеңімпаздары анықталды

Жастар саясаты мәселелері басқармасының және «Құқық» қоғамдық қорының қолдауымен біз Тәуелсіздік күніне орай сурет байқауын ұйымдастырдық. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өздерінің таланттарын көрсетті. Байқау жеңімпаздары авторлық, суреттердің тақырыпқа сәйкестігі, көркемдік деңгейін, уақытша ережелерді сақтау және импровизация сияқты бағалау критерийлері бойынша таңдалды. Сонымен қатар, конкурс аясында барлық қатысушылар үшін қыш шеберлік сыныбы ұйымдастырылды, - деп атап өтті «Құқық» қоғамдық қоры директорының орынбасары Гүлмаржан Есенғалиқызы.

«Тәуелсіз Қазақстан»: Астанада суреттер байқауының жеңімпаздары анықталды

Жеңімпаздарға сыйлық ретінде бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді.

«Тәуелсіз Қазақстан»: Астанада суреттер байқауының жеңімпаздары анықталды
Өзгелердің жаңалығы