Тәуелсіз бақылаушыларға жауапкершілік жүктеледі

19 Наурыз 2023, 14:45
775
Бөлісу:
Тәуелсіз бақылаушыларға жауапкершілік жүктеледі
Фото: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда сайлауға мониторинг жүргізу үшін Бақылаушылар мектебі 1723 адамды дайындады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы сайлау бойынша жалпықалалық баспасөз орталығының алаңында Бақылаушылар мектебінің басшысы Александр Братенков айтты. Оның сөзінші, аралас дауыс беру жүйесін ескерсек, бұл сайлаудың маңызы зор. 

Бақылаушылар миссиясы әділ және ашық сайлау өткізуге кедергі келтіретін кез келген құқық бұзушылықтарды бақылау, түзету және алдын алу болып табылады.

Сайлау тек кандидаттарға, дауыс берушілерге ғана емес, тәуелсіз бақылаушыларға да жауапкершілік жүктейді. Мен және әріптестерім тәуелсіз бақылаушыларды таңдап, оқыттық. Тәуелсіз байқаушылардың құрамына әртүрлі адамдар кірді. Олар - жастар, жас санатындағы адамдар және әртүрлі әлеуметтік топтар, - деді спикер.

Оның айтуынша, Алматыда сайлауды бақылау бойынша 8 қоғамдық ұйым аккредитациядан өтті. 

Тәуелсіз бақылаушыларға жауапкершілік жүктеледі

Байқаушылардың бәрі бірдей сайлау процесін сауатты және білікті түрде бақылай алмайды. Міне сол себепті, Алматыда «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясының бастамасымен байқаушылар мектебі құрылды – бұл республикалық қоғамдық бірлестік, - деді Александр Братенков. 

Сондай-ақ, бақылаушыларды дайындау барысында ақпараттық жұмыс пен әлеуметтік желідегі жұмысқа көңіл бөлінген. 

Ақпаратпен жұмыс істеу, атап айтқанда ақпаратты дұрыс жеткізу және әлеуметтік желілерде жұмыс істеу бойынша тренинг өткіздім. Ақпаратпен тек журналистер ғана емес, бақылаушылар да жазып, жұмыс істей білуі керек, - деді Бақылаушылар мектебінің тренері Сәуле Алпысова.

Жалпы, Алматыда сайлау барысы штаттық режимде өтуде. Бақылаушылар өкілдерінің айтуынша, учаскелерді айтарлықтай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы