Тәуелсіз бақылаушы: Сайлау әділ өтті ме, әділетсіздік болды ма, соны жария етеміз

16 Қыркүйек 2022, 12:34
3591
Бөлісу:
Тәуелсіз бақылаушы: Сайлау әділ өтті ме, әділетсіздік болды ма, соны жария етеміз

Президенттік сайлауда бақылаушы ретінде қатысатын «ӘДІЛ САЙЛАУ 2022» жас адвокаттар мен заңгерлер Альянсы құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


 Алдағы екі айда Альянс Президенттік сайлаудағы жалпы тәртіптерді мен дауыс беру тәртібін сондай-ақ қандай заңнама аясындағы құжатамалардың қабылданып жатқанын түсіндірмек.

Қазіргі таңда біз Жаңа Қазақстанды құру жолындамыз. Біз тәуелсіз бақылаушы болып атсалысу мақсатында бұрын тарихта болмаған қозғалыс құрайық деп шештік. Адвокаттар мен заңгерлер қауымдастығы тәуелсіз бақылаушы ретінде құрылдық. Біз сайлаудың заңды өтуіне өз септігімізді тигізгіміз келеді. Бұл тарихымызда бірінші рет, - дейді адвокат Ерлан Мәкен.

 Адвокаттың айтуынша, жаңа құрылған бақылаушылар сайлауды ұйымдастыратын орталық комиссия емес.

Дәл қазір құрамымызда жиырма адам бар. Айта кету керек, біз ешкімнің жағында емеспіз, бізді еш жерден қаржыландырып отырған жоқ. Азаматтарымыз ешқандай партияға тіркелмеген.  Біздің мақсат-өз білімімізді тиімді пайдаланып, қоғамға көмектесу. Халық арасындағы құқықтық сауатылықты арттыру. Көпшілік адвокат тек бір жанжал болған жерде жүреді деп түсінеді. Алайда олай емес, -дейді Ерлан Мәкенұлы.

Өзгелердің жаңалығы