Тәуекел Мүсілім Шымкенттің амбассадоры атанды

27 Қаңтар 2023, 13:05
1651
Бөлісу:
Тәуекел Мүсілім Шымкенттің амбассадоры атанды

Актер Тәуекел Мүсілім Шымкенттің туристік амбассадоры атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыс пен креативті индустрия басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров мәлімдеді.

Ерлан Қыдыров атап өткендей, туризмді дамытудың маңызды жолы – ол жарнама, маркетинг.

Былтыр бизнеспен бірлесе жұмыс қарқынды жүрді. Ауқымды кәсіпкерлермен бірлесе жобалар ұйымдастырдық. Сонымен қатар осы жылдан бастап өзіміздің бренд-амбассадорды анықтадық. Тур өнімін, тур бағытын және жалпы туристік нысандарды Тәуекел Мүсілім жарнамайды, - деп айтты ол.

Сонымен қатар Шымкент Scat әуе компаниясымен келіссөздер жүргізген.

Шымкентке келе жатқан әрбір жолаушыға Scat әуе борты қала туралы ақпарат береді. Сондай-ақ «Визит Шымкент» деп аталатын сайтымыз бар. Мұнда қалада барып көруге болатын жерлер туралы ақпаратпен танысуға болады, - деп түсіндірді Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыс пен креативті индустрия басқармасының басшысы.

Өзгелердің жаңалығы