ШҚО-да 900-ге жуық дау сотқа жетпей шешімін тапқан

10 Қаңтар 2019, 09:13
2931
Бөлісу:
ШҚО-да 900-ге жуық дау сотқа жетпей шешімін тапқан

ШҚО, baq.kz. Шығыс Қазақстан облысының барлық соттарында «Соттағы татуластыру рәсімдері» жобасын жүзеге асыру мақсатында татуластыру кабинеттері ашылып, белсенді жұмыс жасап келеді.   

Медиаторлар Өскемен және Семей қалалық соттарының базасында қызмет ететін құқықтық қызметтер секторларында Татуластыру орталығында, кәсіподақ ұйымында, Өскемен қаласындағы Халықтар достығы үйінде қабылдауларын жүргізіп жатыр.

"Татуластыру кабинеттері әртүрлі татуластыру рәсімдерін жүргізуге арналған. Сол кабинеттердің ішінде азаматтар үшін қажетті ақпараттық материал, жайлы жиһаз бар. Осы орталықтарда татуласқан даудың тараптары Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асановтың татуласу қашанда болмасын жанжалды шешудің ең жақсы жолы болғандығы және болатыны туралы пікірімен келісетіндігін бірнеше мәрте айтты. Татуласуға жасалған қадам, соттағы кез келген тараптың жеңісінен әлдеқайда игілікті" - дейді Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Бұл орталықтар ашылғаннан бері 900-ға жуық дауды реттеп те үлгерді. 

Өзгелердің жаңалығы