Тәртіпсіздіктердің ең қызу кезінде де тәртіп сақшылары өлімге әкелетін қаруларды қолданбады – Бас прокуратура

7 Ақпан 2022, 19:04
1261
Бөлісу:
Тәртіпсіздіктердің ең қызу кезінде де тәртіп сақшылары өлімге әкелетін қаруларды қолданбады – Бас прокуратура

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Тәртіпсіздіктердің ең қызу кезінде де тәртіп сақшылары өлімге әкелетін қаруларды қолданбағанын атап өткен жөн. Жараланғандардың басым көпшілігі қауіпсіздік күштерінің арасынан болған. Ауруханаға 3393 қызметкер жеткізілген. Олар болса, біреудің әкесі, күйеуі, баласы. Олар өздерінің әскери міндеттерін, азаматтардың тыныштығы үшін жұмыс істеді, - деді ол. 

Ожаров атап өткендей, Алматы және Жамбыл облыстарының полиция департаменттерін қару-жарақ, оқ-дәрімен бірге тастап кеткен. 

Нәтижесінде бүлікшілер 1500 қару-жараққа ие болған. Мұның барлығы аңшылық дүкендерден ұрланған қаруларды есептемеген кезде. Қазір 967 дана қару табылды. Қалғандарының қайда екені әлі де белгісіз. Полиция оны іздеп жатыр, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы