Тәртіпсіздіктегі істер бойынша 970 күдікті қамауға алынды – Қилымжанов

22 Қаңтар 2022, 16:36
1603
Бөлісу:
Тәртіпсіздіктегі істер бойынша 970 күдікті қамауға алынды – Қилымжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның  бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Бас прокуратура елімізде болған лаңкестік жағдайлардың себептерін анықтап жатыр. Зардап шеккен адамдар мен бизнес объектілеріне қатысты оқиғаларды тергеуге ерекше назар аударылып жатыр. Бүгінгі таңда жедел тергеу топтары 819 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның ішінде 45-і лаңкестік актілері, 36-жаппай тәртіпсіздік, 15-адам өлтіру деректеріне қатысты, - деді ол. 

Қилымжанов атағандай, істер бойынша 970 күдікті қамауға алынып, 182-сі сот санкциясымен күзетке алынды. 

29-ына қатысты үйқамаққа ұстау түріндегі бұлтартапау шаралары қолданылған. 464 адам лаңкестік және жаппай тәртіпсіздік істері бойынша ұсталды. 226 тұлға ұрлық, 60-ы заңсыз қару сақтау, 21 тонау, 39 қару жымқыру, 25-і бұзақылық бойынша қамауға алынды. Басқа да істер бойынша ұсталғандар бар, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы