«Тарихтағы ең жақсы күн». Трамп мәлімдеме жасады

6 Сәуір 2023, 12:29
606
Бөлісу:
«Тарихтағы ең жақсы күн». Трамп мәлімдеме жасады
Фото: Tasos Katopodis/Getty Images

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп өзінің уақытша қамауға алынғанын «тарихтағы ең жақсы күн» деп атады. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

Бұл керемет тәжірибе болды, тіпті негізсіз айыптардан аман қалған адам үшін тарихтағы ең жақсы күн болды, - деп жазды Трамп.

Трамптың айтуынша, тағылған айыптар 2024 жылғы президенттік сайлауға қатысуына оң септігін тигізеді.

Саясаткер рейтингінің бұрын-соңды мұндай деңгейде жоғары болмағанын атап өтті.

Біз сайлау науқаны үшін 10 миллион доллар жинадық және күнімізді өте маңызды сөзбен аяқтадық, - деді ол.

Еске салайық, АҚШ-тың экс-президентіне 34 бап бойынша айып тағылып отыр. FoxNews арнасының мәлімдеуінше, Дональд Трамп 136 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы