Тарих толқынындағы Маңғыстау

1 Қараша 2023, 09:30
1334
Бөлісу:
Тарих толқынындағы Маңғыстау
PHOTO
Фото: автордан

Маңғыстау- еліміздегі қойнауына тарих бұққан жерлердің бірі. Бұл жаққа бір рет болсын барған адам табиғатына көзі тоймай, айтарға сөзі болмай қайтатыны сөзсіз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жерде 11 мың тарихи ескерткішті, археологиялық қорықтарды, ашық аспан астындағы мұражайды, ежелгі ата-бабаларымыз тасқа қашап салған таңбалар бейнеленген ерекше мүсінді тастарды көруге болады. Сол себепті де әлемнің шет-шетінен келетін зияратшылар, туристер санында шек жоқ. Осы ретте қоңыр күзде ерекше түске ие болатын маңғаз даланың ұмытылмас фантастикалық көрінісімен бөлісетін боламыз.

Тарих толқынындағы Маңғыстау

Маңғыстау– еліміздің оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан мұнайға да, тарихи орындарға да бай өлке. Климаты-құрғақ. Жергілікті тұрғындардың нәпақасын табатын негізгі жұмыс көзі- мұнай саласы. Каспий теңізінің жағалауы. 

Тарих толқынындағы Маңғыстау

Каспий теңізінің деңгейі үнемі өзгеріп тұрады. Жергілікті тұрғындардың 50 пайызға жуығы теңіз суын пайдаланады. Еліміздің көп бөлігіне күзде қар түсіп, ауа температурасы төмендесе, бұл жақта осы кезде ауа райы 15-20 градус арасында болады. Құдды бір бөлек ғаламшар дерсіз.

Тарих толқынындағы Маңғыстау

Қарт Каспийдің жағасында ор­наласқан Ақтауға табаны тиген кез кел­ген қонақ пен турист Бозжыраға атбасын бұрмай кете алмайды.

Бозжыра

Бұл мекен облыстың символына айналды десе де болатын шығар. Маңғыстауға келген кез келген турист ең алдымен Бозжыраны көрмей кетпесі анық. Себебі Бозжырада тек таулар ғана емес, ерекше мүсінді тастар да бар. Бұл жерлердегі кейбір тау жыныстары ежелгі бекіністерге ұқсайды. Жаңаөзен қаласынан Бозжыраға дейін 150шақырымдай, ал Ақтаудан— 300 километрге жуық. Жер аумағы-316 мыңдай га.

Тарих толқынындағы Маңғыстау

Бозжыра - ежелгі Тетис мұхитының тартылған жері. Оған дәлел ретінде бұл жерлерде ұлу бақалшақтарының қалдығы мен теңіз толқынынан шайылып, табиғи апаттың кесірінен ойылып қалған теңіз орнын көруге болады. «Бозжыраның азу тістері» деп биіктігі 200 метрге жететін бор үйіндісінен көтерілген әктас шыңдарын айтады, ол әртүрлі көлемдегі және пішіндегі тау жыныстарынан қалыптасып, тұтас бір жотаны құрайды.

Бозжыраға келушілердің саны жыл сайын артпаса, кеміген емес.

Тарих толқынындағы Маңғыстау

Айта кетейік кезінде былтыр бұл жерде қонақ үй салмақшы болған. Инвесторлар тау етегінен сафари қонақ үйін жоспарлаған екен. Алайда, Бозжыраның экожүйесіне зардабын тигізуі мүмкін екені айтылып, халық құрылысқа наразылық білдірген соң, құрылыс дереу тоқтатылған еді.

Маңғыстаудың киелі орындарының қатарына ашық қалған қабірлер, Үш там, күмбет төбесі, Кенті баба, жереу орындары, Қолтырауын тас, төбедегі терезенің қорғаны, қабырға жазулары, Шақпақ Ата тағы да басқа жерлер жатқызылады. Негізгі діни ғибадат орындары үшін көзге түсетін ерекшелік ретінде қайталанбайтын құрылыстарына - жерасты мешіттері жатады. Солардың бірі-Шопан Ата.

Тарих толқынындағы Маңғыстау

Шопан-Ата

Шопан Ата – қой түлігі мен шопанның пірі. Шопан-Ата қорымы жер қойнауындағы сәулет ескерткіш. Мешіт шамамен ХІІІ-ХІХғ.ғ. аралығында салынған. Ақ борлы, жартастың қабатынан ойылып жасалған тарихи орын. Шопан Ата тарихи кешені де бірнеше бөліктерден тұрады. Шопан Ата жерасты мешiтi бiр-бiрiне қосылған 12 шағын бөлмелерден тұрады: ақ шопан ата мазараты, Шопан Ата құдығы, түнеухана, асхана, жаңа замандық мешіт және шырақшы үйі.

Тарих толқынындағы Маңғыстау
Тарих толқынындағы Маңғыстау

Бекет ата мешіті

Бекет ата балаларға оқуға арналған жерасты мешіт, медресе салған сәулетші-ұста кісі, сондай-ақ оның бойына дарыған ерекше қасиеті бар емші болған. Халық арасында сонымен қатар батыр деп те танылған.

Тарих толқынындағы Маңғыстау

Мешіт биік ақ-бор тасты тау шатқалының терең қабатынан ойып жасалған, жабайы бұталар жан-жағынан қоршап, төменге қарай құлдилай орналасқан ерекше сипатты қасиетті орын. Мешітте 4 бөлме бар: кіреберіс, намазхана, шағын бір бөлмесінде ертеде Бекет ата ауру-сырқауларды қабылдаған және бір бөлмесінде өзі жерленген. Тас қабырғасынан шыққан дауыс жаңғырып, ерекше шығады. Бөлмелердің пішіні стандартқа сай емес, біркелкі пішіні жоқ. Биіктігі шамамен 2-3 метр арасы.

Тарих толқынындағы Маңғыстау

Бекет Ата 1813 жылы 63 жасында өмірден өтіп, Оғландыдағы өзі қаздырған мешіттің ішіне жерленеді.

Тарих толқынындағы Маңғыстау

Бекет-Атаға бару үшін Шопан-Ата арқылы өтеді.

Тарих толқынындағы Маңғыстау

Маңғыстауға қай уақытта барған дұрыс?

Қазір ауа райы өзгеріп келеді. Соған қарамастан бұл жақтың климаты тым бөлек. Қыс мезгілінде бұл өлкеде қар ұзақ жатпайды, оған қоса сирек жауады. Бірақ өзіне тән ерекше желі бар. Жергілікті туристік мекемелер Маңғыстауға баруды, осындай тарихи мекендерді көруді сәуір-мамыр және қыркүйек-қазан айларында баруға кеңес береді. Күздің қоңыр салқын күндері басталады. Нағыз ыңғайлы кезең. Ал жаз мезгілінде ауа температурасы көтеріліп, аптап болады. Бірақ кеш түсе басылып, қоңыр салқын сақталады.

Өзгелердің жаңалығы