Мамандар тарифтік жоспардың қымбаттауын түсіндірді

26 Тамыз 2020, 15:54
1546
Бөлісу:
Мамандар тарифтік жоспардың қымбаттауын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Beeline Қазақстан» компаниясының бас атқарушы директоры Евгений Настрадин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте тарифтік жоспарлар туралы айтып берді. 

 Жаңа және бұрынғы тарифтік жоспарлар бар. Жаңа тарифтік жоспарға келетін болсақ, оның құны сіздерді шошытпасын. Себебі, ол қызметті сатып алған соң, сіз қызметтер көкжиегін кеңейтесіз. Бұрын 5490 теңгенің тарифін бір ғана құрылғыдан (роутер немесе смартфон) қолдансаңыз, қазір 7790 теңгенің тарифін смартфонда да қолдана аласыз. Екі тарифтік жоспарға ақша жұмсамайсыз. Егер ол тарифті бөлек қарастырсақ, 11 мың теңгеден астам қаражат кететін еді. Сондықтан бұл ұсыныс нарықтағыдан 40 пайызға арзан, - деді ол. 

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Kcell операторының тарифтеріне қатысты түсініктеме берді. 

Жаңа тарифтердің бары түсінікті. «Білім» тарифі қазақстандық білім беру ресурстарына қатысты болып отыр. Білім беру саласы әлеуметтік желілерге қатысы жоқ. Сондықтан оларға қолжетімділікті оператор реттейді. «Білім» тарифі білім беру ресурстарына бағытталған. Оған БҒМ берген тізімдер жатады. Ал әлеуметтік желілерге қолжетімділікті бере алмаймыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы