Тарбағатайдың бірнеше ауылында коворкинг орталықтары ашылды – ШҚО

28 Қаңтар 2024, 00:45
421
Бөлісу:
Тарбағатайдың бірнеше ауылында коворкинг орталықтары ашылды – ШҚО
Фото: baq.kz

Тарбағатай ауданының шекаралық Жаңаауыл, Ахметбұлақ, Жаңаталап ауылдарында коворкинг орталықтары ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Коворкинг орталықтарында түрлі тренингтер өткізуге, бірігіп түрлі бастамаларға дайындық жұмыстарын жүргізуге болады. Ең тиімдісі, ешкім ол үшін ақы сұрамайды, кедергі келтірмейді. Ауылдағы үлкен-кішінің бәріне ортақ, жанына жайлы демалыс орыны. Жастар дойбы, шахмат, домино, тоғызқұмалақ, т.б үстелдік ойындарды ойнайды. Кейде жиналып келіп, тоқыма тоқып, әнгімелесіп отырған әжелерді де көруге болады.

Енді кітапхана оқырмандарымыз мұнда кітап оқумен ғана емес, өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарымен айналыса алады. Әртүрлі форматтағы іс-шараларды өткізуге, кеңес алуға, идеялар талқылауға болады Бұл орталықта ауыл тұрғындары интернет желісін пайдаланып, кездесулер, семинарлар, конференциялар өткізіп, бүкіл телекоммуникациялық қызметтің барлық түрін тегін пайдаланады. Сондай-ақ мұнда шашка, шахмат, қолөнер үйірмелері жұмыс істейді, - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ермек Құрманғалиев.

Ұйымдастырушылар бұл орталықтардың жастарға өзін-өзі жетілдіру үшін үлкен мүмкіндіктер беретінін айтады.

Өзгелердің жаңалығы